САЯБАҚТАРДЫ
ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Көшедегі жарыққа қарағанда саябақтағы жарықтың маңызы қызметтік әрі сәндеуші тұрғыдан тең келеді. Қызметтік тұрғыдан түнгі мезгілде қаланың жасыл аймақтарында (саябақтардың, серуен тоғайлардың, сайжолдардың) қауіпсіздік және жайлылық деңгейін көтеру болса, сәндеуші тұрғыдан олардың эстетикалық тартымдылығын арттыру болып табылады.
OLYMP UNION компаниясының қоры саябақтарды жарықтандырудағы аса күрделі жобаларды әзірлеуге, дизайны мен қызметтілігіне қарай оңтайлы жабдықтама таңдауға, түрлі аумақтарға қажетті жарық күшін, діңгектердің биіктігін, жарық шамдарының қалыптарын есептеп, таңдауға мүмкіндік береді.
Саябақтарды жарықтандыру жобаларын әзірлеу кезінде, серуендеушілердің жайлылығын арттыру басты мақсатқа қойылады. Осыған орай, жарықтандырылатын нысанның аумағы жарықтың түрлі белсенділік аумақтары мен алуан түрлі сәндеуші шешімдер аумағына бөлінеді. Саябақтың жарықтанған орталық саяжолдарымен қатар, кешкі мезгілде жайлы серуен мен демалысқа арналған күңгірт жарық түсетін аумақтары да бар.





